жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ТУҒАН КҮНІНДЕ — "ШЕР-ХАН" ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ

ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ТУҒАН КҮНІНДЕ — "ШЕР-ХАН" ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ
ашық дереккөзі
ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ТУҒАН КҮНІНДЕ — "ШЕР-ХАН" ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры аса ірі қаламгер, ел мүддесі жолындағы қара нардай қайыспас күрескер, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арнап, белгілі режиссер Қуандық Қасымовтың "Шер-Хан" атты драма - элегиясын сахнаға дайындаған болатын. Аталған драма-элегияны сахналаған қоюшы - режиссері де — Қуандық Қасымовтың өзі. Ал, қоюшы - суретшісі ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.Аталған жаңа қойылымның премьерасын театрдың 87-ші жаңа маусымының ашылуына орай 29-қыркүйек күні көрсету алдын-ала жоспарланғанмен, ол 28-қыркүйек күні Шер-ағамыздың туған күніне арналған іс-шараларға қатысушы қонақтар үшін арнайы түрде сахнаға жол тартып, көрерменін тәнті етіп, зор ықыласқа ие болды.  width= Арнайы қонақтармен қатар, жаңа қойылымды өңір басшысы Н.Нұржігітов бастаған облыс, қала, басқарма және түрлі сала жетекшілері, зиялы қауым мен ақпарат құралдары, облыстық Ардагерлер кеңесі өкілдері, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студент жастары да келіп тамашалады. Қойылымдағы басты қаһарман Шер-ағаң ролін сомдаған белгілі сахна майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Жүніс Әлімбековтің және өзге де кейіпкерлер бейнесін жасаған барлық артистердің актерлік шеберліктерінен туындаған көріністер көрермен қауымға Шерхан атамыздың биік болмысы мен тау тұлғасына ғана тән жоғары батылдық рух, сергек сезім, мұқалмас қайрат, жігер сыйлағаны зал ішіндегі атмосферадан айқын сезіліп тұрды... Қойылым соңында сахна төріндегі артистерге облыс әкімінің ықылас гүлі тарту етілді. Көрермен қауым да өздерінің ыстық ықыластарын артистерге құшақ-құшақ гүлдер сыйлаумен білдірді. Ғалия АБЫЛАЙ Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы                
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар