Шерзат қаза тапқан күнгі дүкендегі бейнекамера жазбалары толығымен жарияланды
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2024
- 469
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, күдікті адамдар толық ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
inbusiness.kz сайтының жазуынша, Қонаев қаласында өтіп жатқан брифинг барысында 4 қазанға қараған түні болған оқиғаның "Қамажай" дүкенінің ішінде орнатылған бейнекамераға түсіп қалған фрагменттері көрсетілген
"Өкінішке қарай, біз осы уақытқа дейін қылмыстық процесстік кодекстің талаптарына байланысты шектеуде болдық. Тергеу мәліметтерін көпшілікке жария ете алмадық. Дегенмен ақпарат кеңістігінде жалған мәліметтердің тез таралуына байланысты прокуратурамен келісімге келіп, кейбір ақпаратты ашық түрде талқылау үшін бүгін жиналып отырмыз. Жағдайдың обьективті көрінісін қалыптастыру үшін біз оқиға орнынан тәркіленген бейнежазбаны ұсынамыз. Онда әрбір қатысушының әрекеттері көрсетіледі", – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов.
Айта кетейік, Талғар ауданындағы оқиға Ішкі істер министрі мен Бас прокурордың жіті бақылауында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз