Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді
Алматы облысы, Талғар ауданында адам қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Өткен жылы 4 қазанға қараған түні болған кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Тараптар танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберіледі", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2024 жыдың 4-ші қазанында Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полат дүкенде әкесіне көмектесіп жүріп, аяқасты туындаған жанжалдың кесірінен кісі қолынан қаза тапты.