"Шерзаттың өлімі": «Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев үндеу жасады
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2024
- 417
Желіде Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің басшысы делінген Хасан Қасымбаев үндеу жасады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Құрметті қазақ елі! Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттағы Қасымбаев Хасан деген мен боламын. Талғарда болған қайғылы оқиға, Шерзат деген баланың қазасына, туған-туысқандарына, әке-шешесіне қайғырып көңіл айтамын. Әрине, қиын. Ешқайсымыздың басымызға бермесін. Мен де бала тәрбиелеп отырған әкемін. Қанша күннен бері ұйқы жоқ. Жалған ақпарат менің және отбасымның мазасын қашырды, – деді Хасан Қасымбаев.
Ол ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін мәлімдеп отыр.
Банда, ОПГ деп жатыр ондайға қатысым жоқ. Заң алдында ешқандай мәселе болмаған, сотталмағанмын. Әрине, інісі сотталған деп айтып жатыр. Інім 2017 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Жалған ақпарат таратпауларыңызды өтініп сұраймын. Адвокат жалдадым, жалған ақпарат таратқан тұлғалардың бәрін заң бойынша жауап беруін сұраймын. Мен туралы айтылып жатқан ақпарат көп, заң бойынша арыздарын жазсын, – деді ол үндеуінде.
Ол қылмыскерлер ұсталып, заң бойынша жазаларын алатынына сенімдімін.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбыл облысы құрылғанына – 85 жыл
Ұқсас жаңалықтар
Алаяқтар ата-аналардан баласының атын жамылып ақша сұраған
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қараша, 2024