Жаңалықтар

Шетелде өскен қазақ жігіті 17 жылдан соң анасымен қауышты

Сүйінші жаңалық, Канада елінде өскен қазақ жігіті Жандос Райан 17 жылдан кейін Ақтауға келіп, анасы және бауырларымен қауышты, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Торонтода тұратын шетелдік отбасы Жандосты 10 айлығында асырып алған. Туған жерге табан тіреген қазақ баласы өз ұлтының қонақжай екеніне қуанышын жасырмады. «Анам мені тастап кетсе де оған еш өкпем жоқ екенін айтқым келеді. Оны жазғырмаймын да. Тағдырдың жазуы солай шығар. Ал Ата жұртым мені ерекше ыстық ықыласымен қарсы алды. Жайлауда болып, домбыра аспабымен таныстым. Халқым қонақжай екен», - деді Жандос.  Ол өзін баққан тәрбиешілермен танысу мақсатында сәбилер үйіне барды. Тағдырлас балаларды көргенде, көзіне жас алды.«Ол туған анасын көргісі келе ме жоқ па өзі шешеді деп келдік. Ұлымыздың Торонтода қазақ достары көп. Олармен жиі кездесіп, араласып тұрады. Сонда достарының бірі анасын табуға кеңес берген. Біз оның ниетін қолдап, Ақтауға алып келдік», - деді асырап алған анасы Шанас Мұхамед.