Жаңалықтар

Шетелдегі қазақстандықтардың 72,54% дауыс берді – ҚР СІМ

Шетелдегі қазақстандықтардың 72,54% дауыс берді – ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 132 адамнан тұратын 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды.

Қазіргі уақытта шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 ҚР азаматы қатысты, бұл дауыс берушілердің 72,54%.