Жаңалықтар

Шетелдегі қазақтар үшін «Әр қазаққа – бір кітап» жобасы қолға алынды

Шетелдегі қазақтар үшін «Әр қазаққа – бір кітап» жобасы қолға алынды

Шетелдегі этникалық қазақтарға тек мемлекет емес, Қазақстан азаматтары да қолдау көрсетуге тиіс. Бұл туралы «Отандастар» қорының төрағасы Абзал Сапарбекұлы айтты. «Сұрауы бар» Youtube-арнасына берген сұхбатында ол қордың ұйымдастыруымен іске асқан «Әр қазаққа – бір кітап» жобасын мысал етті. Айтуынша, ендігі міндет – шетелдегі этникалық қазақтардың сұранысына сай жауап беру. Сондай-ақ қор басшысы бұған дейін де еліміз шеттегі қандастарға оқулықтар жеткізіп, көмектескенін алға тартты. Алайда соңғы кездері әр елдің ішкі саясаты мен білім жүйесіне байланысты, бұл мәселені қайта реттеу керек екен.

«Отандастар» қоры ағартушылыққа негізделген жобалардың ауқымын кеңейтуді құп көреді. Ол үшін адамдар жауапкершіліктің бәрін мемлекетке артып қоймай, өздері де азаматтық белсенділік танытса екен деген ниетте.

Осы орайда ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарға мемлекет тарапынан бөлек, жалпы қоғам, ел азаматтары тарапынан жан-жақты қолдау қажеттігін атап өтті. Толық сұхбатт Сұрауы бар ютуб арнасынан көре аласыздар.