Жаңалықтар

Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды

Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды

Бүгінде шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша 33 975 өтінім мақұлданған. 9 658 автокөлік сәтті заңдастырылды. Еске салсақ, шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы - бір реттік акция. Заңдастыру бойынша бекітілген ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелдік есепке алынған автокөліктерді сатып алғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасында 10 жұмыс күні ішінде тіркеуі керек.