Жаңалықтар
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады – ІІМ
- авторjambylinfo.kz
- 12 қаңтар, 2023
- 341
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады – ІІМ
Елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталады.
Автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 200 мың теңге алым төлеу қажет.
Шетелдік көліктерге қойылатын талаптар:
▪️елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі керек;
▪️іздеуде болмауы шарт;
басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы керек;
▪️кедендік тазартудан өтуі қажет.
Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдары оң жақты орналасқан көліктерге қолданылады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025