Жаңалықтар

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады – ІІМ

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады – ІІМ

Елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталады. Автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 200 мың теңге алым төлеу қажет. Шетелдік көліктерге қойылатын талаптар: ▪️елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі керек; ▪️іздеуде болмауы шарт; басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы керек; ▪️кедендік тазартудан өтуі қажет. Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдары оң жақты орналасқан көліктерге қолданылады.