Жаңалықтар

Шетелдік инвесторлармен екіжақты келісімге қол қойылды

Шетелдік инвесторлармен екіжақты келісімге қол қойылды

Жамбыл облысында өтіп жатқан «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форум аясында Жамбыл облысында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірнеше келісімге қол қойылды. Олар:
  1. Үндістанның «Monnet Group» компаниясының өкілі Паван Дамани мырзамен құны 100 млн. АҚШ долларын құрайтын ферроқорытпа зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатындағы келісім жасалды;
  2. Құны 120 млн АҚШ долларын құрайтын цемент зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында сингапурлық «Аласем» компаниясының өкілі Щербаков Станислав Александровичпен келісімге қол қойылды;
  3. Құрылыс материалдары зауытын салу бойынша 25 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында «Кнауф» компаниясының өкілі Александр Николаевич Ефименкомен келісім жасалды;
  4. «Taraz Solar Park» компаниясының өкілі Абылайхан Нұрланұлы Маликов құны 175 млн. АҚШ долларын құрайтын күн электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында келісімге қол қойды;
  5. ҚХР-ның «Шокпар жел электр станциясы» компаниясының өкілі Чжао Цзяньган құны 135 млн. АҚШ долларын құрайтын күн электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында келісімге қол қойды;
  6. Құны 68,8 млн АҚШ доллар болатын мыс кенін өндіру комбинатын салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында Ресей Федерациясының ««Shagala Mining» компаниясының өкілі Алексей Антонишинмен бірлескен келісім жасалды;
  7. ҚХР-ның «Wanlin Group Limited» компаниясының өкілі Ли Янтао құны 30 млн. АҚШ долларын құрайтын тамақ өнеркәсібі және логистика индустриалды паркін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында келісімге қол қойды;
  8. ҚР Индустрия және инфрақұрлымдық даму вице-министрі Щеглова Динара Ринатқызы, «Тараз химиялық паркі» АЭА(арнайы экономикалық аймағының) басқарма төрағасы Мукаметкалиев Қайрат Кенжебекұлы және «Каз Про Темір» ЖШС директоры Зайниев Илхомжон Лутфиевич «Мырышталған болатты өндіру» бойынша жобасын іске асыру үшін үш жақты келісімге қол қойды.