Шетелдік студенттер Қазақстанға қанша пайда әкелді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 27 сәуірде Мәжіліс кулуарында Қазақстанға шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары не үшін қажет екенін түсіндіріп берді
Саясат Нұрбектің айтуынша, шетелдік университет филиалдарындағы гранттарға тек қазақстандықтар ғана түсе алады. Ал қабылдау ережелерін бұл оқу орындары өздері белгілейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Zakon.kz сілтеме жасап.
Жалпы, оның мәліметінше, осы оқу жылында шетелдік студенттер арқылы шамамен 22 млрд теңге тартылған. Қазіргі таңда Қазақстанда 30 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда.