дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 20:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шетелдік әйел әлі тумаған баласын Қазақстанда сатпақ болған

Шетелдік әйел әлі тумаған баласын Қазақстанда сатпақ болған
ашық дереккөзі
Шетелдік әйел әлі тумаған баласын Қазақстанда сатпақ болған
Қазақстанда жаңадан туған баласын сатып жібермек болған шетелдік әйел ұсталды, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz - ке сілтеме жасап. 2 қараша күні Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Қарасай ауданының аумағында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстады. Ол азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды. Бұл дерек ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған азаматша аудандық полицияның УҰИ-на қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар