Шетелдіктерге 2-3 есе арзан: Назарбаев университетіндегі оқу ақысына қатысты дау шықты
Шетелдіктерге 2-3 есе арзан: Назарбаев университетіндегі оқу ақысына қатысты дау шықты
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Назарбаев университетінде шетелдіктерге білім беру құны қазақстандықтарға қарағанда әлдеқайда төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Университеттің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, қазақстандықтар үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша антропологияның толық курсының бағасы 18,3 млн теңгеден асады. Ал Қытай азаматтары үшін баға 7,3 млн теңгені құрайды, ал Кот-д'Ивуардан келген талапкерлер үшін 3 млн теңгеден асады.
Ол Ұлыбритания секілді дамыған елдерде өз азаматтары үшін білім беру құны, керісінше, әлдеқайда арзан екенін атап өтті.
Сондай-ақ Мұрат Әбенов ҚР Конституциясында тең еңбек үшін тең төлем болуы тиіс екенін атап өтті. Ол Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектен аталған мәселені шешуді сұрады.