Жаңалықтар

"Шетелге көшеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні елден кететінін айтты

"Шетелге көшеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні елден кететінін айтты

Жақында кенже ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні шетелге көшетінін мәлім етті. Заңғар Нұртас пен кіші келіні Индира жұмыс бабына байланысты қоныс аудармақ, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова кіші келініне 10 мың доллар қалың мал бергенін жазған едік. Тойдан соң продюсер демалыс үшін Кипр аралына демалысқа кеткені белгілі болды.