Жаңалықтар

Шетелге заңсыз шыққан активтерді қайтару: Мәжіліс депутаты мәселе көтерді

Шетелге заңсыз шыққан активтерді қайтару: Мәжіліс депутаты мәселе көтерді

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселесін көтерді, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Қазір мемлекеттен заңсыз шығарылған активтерді шетелден қайтару мәселесі өткір. Шамамен 140-160 млрд доллар шығарылды. Біз сыбайлас жемқорлардың әлі де елде жүргенін және активтерді шетел астырғанын көріп отырмыз. Еуропа елдерімен шарт жасалған ба? Егер шарт бар болса, неге біз сыбайлас жемқорларды ұстау бойынша құқықтық көмекке жүгіне алмаймыз?» - деп сауал жолдады Е. Саиров Мәжілістің жалпы отырысында. Депутат сауалына Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев жауап қатты. «Қолда бар деректер бойынша бүгінде 12 Еуропа елімен қылмыстық істер бойынша келісім бар. Бұл – Испания, Румыния, Венгрия, Италия және тағы басқа. Олардың 11-і күшіне енді және 12 мемлекетпен біз қазір меморандум жасауды қарастырып, шарттарды пысықтап жатырмыз. Айта кететіні, Сыртқы істер министрлігі мұндай шарттарды әзірлеуші емес, келісімді құзыретті органдар жасайды. Ал біз, өз тарапымыздан осындай мәселелерді талқылауды ұйымдастыруға жауаптымыз», - дейді ол.