Үшкемпір Тастанбековтің «Қолбасшы Қойгелді батыр» кітабының тұсаукесері өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 сәуір, 2025
- 293
Тараз қаласында ақын-жырау Үшкемпір Тастанбековтің «Қолбасшы Қойгелді Батыр» атты кітабының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл шараға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, ардагер журналист Болат Жаппарұлы, Тараз қоғамдық қалалық кеңесінің төрағасы Сембек Әбетайұлы және батырдың ұрпақтары: Әбдіхалық Күмісбек, Хаби Жолдасов, Әзімбек Басқанбаев қатысты.
Сонымен қатар, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Эльмира Қайырбаева, Кешкі орта мектептің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Қанатбек Дәурен және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының төрағасы Байпақ Дархан да бұл шараға арнайы шақырылды.
Шара барысында қонақтар батыр Қойгелдінің қазақ халқына ортақ тұлға екендігін атап өтті.
Қолбасшының ерлік істері мен қайраткерлігі туған жері Әулиеата топырағынан бастау алғанын, оның батырлық жолы тек қана тарихи деректер мен аңыздармен ғана емес, халықтың жүрегінде сақталған шынайы естеліктермен толықтырылғанын баяндады.
Батырдың есімін жаңғырту, оның ерлігін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында жазылған бұл еңбек көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.
Тұсаукесерге қатысушылар Қойгелді батырдың есімін ұлықтап, оны еске алу іс-шараларының маңыздылығын атап өтті.