"Шок алдым": Қарақат Әбілдинаның қызы қандай тылсымға тап болды
- авторjambylinfo.kz
- 29 шілде, 2024
- 1.4k
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қарақат Әбілдина қызының сырғасы осымен төртінші рет жоғалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ол желідегі парақшасына қызының құлағындағы сырғаның жиі жоғалуына алаңдай бастағанын жазған.
«Аяланың құлағын 7 жасында тесіп, сырға таққанбыз. Бұл не нәрсе, достар? Мына сол құлағындағы сырғасы төртінші рет жоғалып отыр. Оң құлағы емес, сол құлағындағысын таба алмай қаламыз. Жайшылықта ол сырғаны шешу мүмкін емес, әрең тағатынбыз. Оңай шешілмейді. Аяланың құлағын ұстап, ойнайтындай әдеті жоқ. Сонда бұл қалай болғаны, мұны қалай түсінсем екен. Қорқайын деп отырмын. Шок алдым», – дейді әнші.
Әншінің басынан өткен оқиғасын түсінген желі қолданушылары өз кеңестерін жазған.
«Менің де бір сырғамның бір сыңары жоғалып қала береді», «Тіл-көз өткеннен, сырға жоғалады», «Садақаны көп беріңіз», «Сол құлағына сырға тақпай-ақ қойыңыз. Бұрын әжем бір құлағыма ғана сырға таққан. Сондай ырым бар екен», – дейді оқырмандар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз