Жаңалықтар

"Шок болдым". Бишімбаевтың 14 жыл некеде болған әйелі пікір білдірді

"Шок болдым". Бишімбаевтың 14 жыл некеде болған әйелі пікір білдірді

Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Жамбылинфо  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Назым Қуандық Бишімбаев жемқорлық үшін істі болып, 10 жылға сотталған кезінде оның кінәсіз екенін айтып, қолдау білдірген.

Назым Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл бойы ресми некеде болған. Олар 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққанына бір жыл өткеннен кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

Айта кетейік, Астанадағы мейрамханалардың бірінде ер адамның әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Кейіннен күдікті ретінде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелі Салтанат Нұкенованы соққыға жығып, дене жарақатынан әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.