жексенбі, 16 наурыз, 2025 15:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шорт-трек: Қазақстан әлем чемпионатында төрт медаль еншіледі

Шорт-трек: Қазақстан әлем чемпионатында төрт медаль еншіледі
Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Канаданың Калгари қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады,  - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қыздар арасындағы 1000 метр қашықтықта Алина Әжіғалиева қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, ол 1500 метр финалдық жарысында төртінші орын иеленді.

Әйелдер эстафетасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Ерлер эстафетасында қазақстандықтар қола жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар аралас эстафетада да біздің шорт-трекшілер үшінші орын иеленді. 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар