Жаңалықтар
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы алтын медаль иеленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 ақпан, 2025
- 290

Қазақстан финалда Жапония мен Қытайды басып озды
Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды, деп хабарлайды - Jambylinfo.kz
Қазақстан атынан эстафеталық жарысқа Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысты.
Бұл Қазақстан үшін осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль болды. Қазақстан финалда Жапонияны (екінші орын) және Қытайды (үшінші орын) басып озды. Ал фаворит Оңтүстік Корея командасы жарыстан шеттетілді.
Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Харбинде шорт-трекшілер үш медальға ие болды, олардың барлығын эстафеталық жарыстарда еншіленді.
Келесі мақала