Жаңалықтар

Ұшты күйлі жоғалған сарбаз өлі табылды

Ұшты күйлі жоғалған сарбаз өлі табылды

2 наурызда із-түзсіз жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген 19 жастағы әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішев өлі күйінде табылды. Сарбаздың денесін оның туыстары Қызғызстандағы тау басынан тапқан. Осыдан екі күн бұрын сарбаздың бірқатар киімін қырғыз қойшысы тауып алып, оның туыстарына тапсырған. Сосын Ұлықбектің туыстары шекара асып, оның киімі табылған жерге барса, 100 метр жерден баланың тау басында өз белдігене асылып тұрған кейпін көрген. Айта кетейік,қазір мамандар Ұлықбектің денесіне сараптама жасау үшін мәйітті көрші елге алып кеткен.