Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі
Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі
Ағымдағы жылдың 10 наурызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы 3 жарым келіден асатын "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осыған байланысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген