Шу ауданында 6 ауылға газ құбыры тартылады
Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев облыс орталығындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады.
Өткен 9 айдың ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. 2022-2025 жылдары ауданда құны 189,1 миллиард теңгенің 148 инвестициялық жобасы жүзеге асырылмақ. Жыл соңына дейін қосымша 20 нысанның мемлекеттік сараптамасы дайын болады деп күтілуде.
Биыл алты елді мекенге магистральды газ құбыры тартылады. Атап айтқанда, Балуан Шолақ, Бәйдібек, Бөлтірік, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар ауылдары. Қалған алты ауыл халық саны аз және тиімсіз болуына байланысты газдандырылмайды. Сонымен қатар «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша бес көше, жергілікті бюджет есебінен 29 көше жөнделуде.
Жайылым жерлерге де зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 91,8 мың гектар жайылым жер жетіспейтіндігі анықталды. Бүгінге дейін 26,8 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар, мал басы тіркелмеген 141,2 мың гектар жайылымдық жер анықталып, тиісті шара қолдану үшін жер инспекциясына хат жолданды.
Аудандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндаған Сәкен Қаланұлы брифинг барысында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала