Жаңалықтар
Шу ауданында жүгеріні терең өңдейтін кәсіпорынның іргетасы қаланды
- авторМағжан Орынбасар
- 16 сәуір, 2025
- 784
Өндіріс толығымен іске қосылғанда 1 млн тонна жүгеріні өңдеуге қауқары болады.
Шу ауданында ауылшаруашылық өнімін оның ішінде жүгеріні түбегейлі өңдеуге бейімделген Fufeng Group компаниясы іске қосылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
1999 жылы іргетасы қаланған осынау кәсіпорын осыдан он сегіз жыл бұрын Гонконг қаржы биржасына шықса, бүгінде әлем бойынша қызметкерлер саны 20 мыңнан асады.
Облыс әкімі өнімдері жүзден аса елдерде қолданылатын компания тек Шу өңірінің ғана емес, тұтастай еліміздің экономикасын көтеруге оң септігін тигізетінін жеткізді.
Атап өтейік, дәл осы жүгеріні терең өңдейтін зауыты Орталық Азияда теңдесі жоқ деп есептеледі. Құны 800 млн долларды құрайтын ірі жобаның аумағы 400 га алып жатыр.
Сонымен қатар, 1500 адам жұмыс орнымен қамтылады деп көзделуде.
Келесі мақала
Аурудың өзінен бұрын анықтамасы шаршататын күндер өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025





