Жаңалықтар

Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді

Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді

Бұл шараны ведомствоның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесе жүзеге асырған. Олар Шу-Меркі тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға жақын маңнан Шу ауылының 50 жастағы тұрғынын ұстап, одан жалпы салмағы 38 келіден асатын Каннабис өсімдігін тапқан. «Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады», - деп хабарлады басқарма бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков. Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі Сарысу ауданында жоғалған науқас әйел бес күннен кейін ауыр жағдайда табылғанын жазған болатынбыз.