Жаңалықтар

ШУДАҒЫ ЖАҒДАЙ: 2799 ҮЙ ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫР

ШУДАҒЫ ЖАҒДАЙ: 2799 ҮЙ ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫР

Шу ауданында  01-04 сәуір аралығында ауа-райының күрт өзгеріп, желдің ұйытқу жылдамдығы  16-25 м/с жету салдарынан аудан аумағында бірқатар нысандарға зақым келіп, электр қуатының сөнуі орын алды. Орталықтандырылған су, газ, жылу қызметтері тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта Қонаев ауылында-100 абонент, Белбасар -52 абонент, Бірлік 353, Дулат -400,  Алға -40, Балуан Шолақ-354, Төлеби ауылы -1500 абонентте  электр қуаты жоқ. Аудан бойынша 2799  абонент  электр қуатынсыз отыр. Жалпы жел салдарынан 22 дана электр бағанысы құлап, оның 21 қайта қалпына келтірілді. Электр жүйелерінің қалпына келтіру бойынша 16 бригада  жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 01 сәуірде шамамен 18-30 сағатта, Шу қаласы Сейтимбетов көшесі №3, бір қабатты, сегіз пәтерлі тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алып, өртенген үйдің жалпы алаңы 150 ш.м. құрады. Адам шығыны жоқ. Тұрғындар туыстарының үйіне уақытша орналасты. Қазіргі таңда, әр пәтер  иесінен мемлекеттік көмекке өтініштері қабылданып, материалдық жағдайы тексерілуде. Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тиісті жәрдем ақы беріледі. Қатты жел салдарынан 7 білім нысаны зардап шекті. Атап айтқанда: Қорағаты округі Мойынқұм ауылы Мойынқұм орта мектебінің жобамен 850-900ш/м алаңда шатыры ұшып кетті, терезе әйнектер қираған. Жаңақоғам ауылдық округі Көктөбе ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің жобамен 100ш/м шатырына зақым келген. Төлеби ауылы Балалар  жасөспірімдер орталығы мектептен тыс мекемесі ғимараттың 100ш/м шатырына зақым келген. Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебі жобамен 35-40ш/м алаңда шифер қираған. Шу қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі жобамен 90- ш/м алаңда шифер қираған. Шу қаласындағы Абай  атындағы орта мектебі жобамен  60-70ш/м алаңда профилдік жабынды қираған. Алға ауылы Амангельді атындағы орта мектебі қазандық ғимаратының шифері түгелімен ұшқан.   Сонымен қатар Шу қаласында бірқатар нысандарға зақым келді. Атап айтқанда: №10 колледж жатақханасы ғимаратының  120 шаршы метр шатыры, «Қосқұдық» орман шаруашылығы мекемесі ғимаратының- 55 шаршы метр шатыры, «Омар ата» мейрамханасының- 350 шаршы метр шатыры, Сыпатай батыр көшесі бойындағы «Әуке» дүкенінің- 45 шаршы метр шатыры, Темір жол вокзалы ғимаратындағы аликобонт 150 шаршы метр каптаулары, «Сауда Сервис» сауда орталығының  185 шаршы метр шатыры желден ұшты. Жұмысшы топ құрылып, келтірілген шығындар есептелуде.