Швецияда жойқын дауыл салдарынан екі адам қаза тапты
Жойқын дауыл Швециядағы Солтүстік Еуропа елдерінде болды
Швецияда жойқын дауыл салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Солтүстік Еуропа елдерінде «Йоханнес» атты қысқы дауыл соққы берді. Табиғи апат салдарынан Швецияда екі адам қаза тапты.
Қаза болғандардың бірі Кунгсбергет тау-шаңғы курорты маңында ағаштың құлауынан зардап шеккен. Ал 50 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, аман қалмады. Екінші марқұм – коммуналдық қызмет компаниясының қызметкері, ол жұмыс барысында көз жұмды.