жұма, 16 мамыр, 2025 16:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа тегін операция жасады

Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа тегін операция жасады
instagram.com/nii_cardiology
Ота Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жасалды

Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа тегін операция жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz el.kz сілтеме жасап 

Оқу орнында  жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы жетекші сарапшы, Каролинск институтының (Стокгольм, Швеция) профессоры Наузад Салехтің жетекшілігімен шеберлік класы өтті. Оның барысында 7 пациентке қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру бойынша күрделі операциялар жасалды.

Мұндай аз инвазивті хирургиялық араласулар ашық операциялар жасауға болмайтын ауыр жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға жасалады.

Науқастардың бірі - 87 жастағы Михаил Федорович, қолқа қақпақшасының ауыр стенозына шалдыққан. Оны жүрек тұсындағы ауырсыну, тыныштықта да пайда болатын жүрек соғысы, ентігу, бас ауруы мазалаған. Ол 1 жыл бұрын ентігу күшейген кезде диагнозын білген. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына еліміздегі жетекші интервенциялық кардиолог Алексей Колесниковқа жүгіну ұсынылған. Операция сәтті өтті.

Жоғары технологиялы медицинаның арқасында Михаил Федорович сияқты күрделі жүрек патологиясы бар пациенттер өмір сүруге мүмкіндік алады және операциядан кейін қысқа мерзімде қалпына келеді.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Алматыда қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық имплантациялау бойынша жоғары технологиялы операцияны дамытудың басында тұр. TAVI - ең қымбат операциялардың бірі, бірақ пациенттер үшін тегін. Біз халыққа жоғары білікті кардиохирургиялық көмек көрсетуді жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізудеміз. Клиниканың интервенциялық кардиологтарының жоғары кәсіби шеберлігі ең күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді, - деді институттың басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Бөлісу:
Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар