Жаңалықтар

Шығын 200 млн теңге: Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді.

Қызылорда облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар тобын ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 

20-дан астам тінту шарасы жүргізілді. 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 млн теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжатсыз тасымалдау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.