дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шығыс Қазақстанда 39 жасында инсульттан қайтыс болған азаматтың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

Шығыс Қазақстанда 39 жасында инсульттан қайтыс болған азаматтың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды
Фото - ашық дереккөз
Алты сағат операциядан кейін ішкі ағзалар санавиация арқылы Астанаға жеткізілген.

Шығыс Қазақстан облысында 39 жасында инсульттан қайтыс болған азаматтың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды  деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

 Марқұмның туған-туыстары дәрігерлердің ұсынысын қабыл алып, ағза алмастыру бойынша келісімін берген. Алты сағат операциядан кейін ішкі ағзалар санавиация арқылы Астанаға жеткізілген.

Нәтижесінде бір бүйрегі 9 жастағы қызға, екінші бүйрегі 58 жастағы азаматқа салынды. Ал жүрек пен өкпесі кезекте тұрған ауыр науқастарға трансплантацияға жарады. Мамандардың айтуынша, елімізде мәйіттің ағзаларын донор ретінде қолдану – әлі өзекті мәселе. Қазір елімізде ағза ауыстыру үшін 4080 науқас кезекте тұр. Тек Шығыс Қазақстанның өзінде 300 адам бар.

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар