Шығыс Қазақстанда 39 жасында инсульттан қайтыс болған азаматтың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды
Алты сағат операциядан кейін ішкі ағзалар санавиация арқылы Астанаға жеткізілген.
Шығыс Қазақстан облысында 39 жасында инсульттан қайтыс болған азаматтың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Марқұмның туған-туыстары дәрігерлердің ұсынысын қабыл алып, ағза алмастыру бойынша келісімін берген. Алты сағат операциядан кейін ішкі ағзалар санавиация арқылы Астанаға жеткізілген.
Нәтижесінде бір бүйрегі 9 жастағы қызға, екінші бүйрегі 58 жастағы азаматқа салынды. Ал жүрек пен өкпесі кезекте тұрған ауыр науқастарға трансплантацияға жарады. Мамандардың айтуынша, елімізде мәйіттің ағзаларын донор ретінде қолдану – әлі өзекті мәселе. Қазір елімізде ағза ауыстыру үшін 4080 науқас кезекте тұр. Тек Шығыс Қазақстанның өзінде 300 адам бар.