Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда автобус пен жеңіл көлік соғысып, екі адам мерт болды

Шығыс Қазақстанда автобус пен жеңіл көлік соғысып, екі адам мерт болды

ШҚО полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, 13 ақпан күні кешкі 16.30 шамасында Глубокое ауданында Өскемен-Риддер жолының 34-шақырымында жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып қалған. Апат салдарынан «Datsun» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі және оның жанындағы 29 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады. Полиция ҚПК 201-бабына сәйкес қалған мәлімет жариялауға болмайтынын мәлім етті.