Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда бір түнде пайда болған терең шұңқыр елді шошытты

Шығыс Қазақстанда бір түнде пайда болған терең шұңқыр елді шошытты

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында бір түнде пайда болған шұңқырға тұрғындар таңғалды.

Себебі, үйдің ауласында диаметрі 15 см болатын шұңқыр пайда болған. Бір түнде пайда болған терең шұңқырдың сырын ешкім білмейді. Үй иесі Мәуіт Ибекешов түнде қатты гүрсіл естідік дейді. Таңертең ауласынан ұңғыма тәріздес тесікті байқапты. Күрекпен немесе бұрғымен қазды деуге тағы келмейді дейді куәгерлер. Өйткені шұңқырдың маңайы теп-тегіс, ешқандай үйілген топырақ жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да барған. Бірақ олар да шұңқырдың неден пайда болғанын анықтай алмай отыр.