Жаңалықтар

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясына жаңа автокөліктер берілді

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясына жаңа автокөліктер берілді

Қаңтар айының басында болған қайғылы оқиғалар кезінде қалалық жедел жәрдем қызметінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Осы оқыс оқиғалар кезінде жедел жәрдем көліктері зақымдалған болатын. Осыған байланысты «Астана Моторс» компаниясы атынан орталыққа жаңа автокөліктер берілді. Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды тыныс алу аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.