Жаңалықтар

Шымкент тұрғынынан 83 шелек марихуана табылды

The final spritzer

Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Шымкент тұрғынынан 83 шелек марихуана табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Арнайы жабдықталған бөлмеден 83 көк пластик шелектегі марихуана тәркіленді. Сонымен қатар, полиэтилен қапшықтарда ашық күйдегі есірткі заттары мен электронды таразылар табылды», – делінген хабарламада.

Қалалық Полиция департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында марихуана түріндегі есірткі заттарын өндіруге арналған фитозертхананың қызметі тоқтатылды.

Аталған дерек бойынша ұйымдастырушы ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ  Қылмыстық кодекстің 297 және 300 баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.