Жаңалықтар
Шымкентте 10 жасар бала әкімдік маңындағы субұрқаққа батып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 25 шілде, 2023
- 229
Шымкентте 10 жасар бала әкімдік маңындағы субұрқаққа батып кетті
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл туралы ведомствоның дағдарыс жағдайлар басқармасына 24 шілдеде сағат 19.30-да хабарлама келіп түскен.
«2013 жылғы ер бала Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылған. Ол оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда сот медициналық сараптамасы тағайындалды» делінген ТЖД мәліметінде.Айта кетейік, қала аумағында жалпы 32 субұрқақ бар. Оның 25-і жұмыс жасауп тұр. Барлық субұрқақ Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының меншігінде.
“Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген . Оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында тыйым салынған 13 орын белгіленген және осы орындарға шомылуға тыйым салынған тақтайшалар қойылған. Сонымен бірге шаһарда 18 бассейн мен аквасаябақтар шомылу маусымында жұмыс атқаруда”, – деп ескертті ведомсвто.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз