Жаңалықтар

Шымкентте 17 жастағы қызды автобус қағып кетті

Шымкентте 17 жастағы қызды автобус қағып кетті

Байтұрсынов көшесіндегі жағдай таңғы ондар шамасында болған. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, жүргінші рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Сөйтіп, оны келе жатқан 27-автобус соққан. Жүргізуші тежегішті басып үлгергенімен, кәмелет жасына толмаған қыз ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Ақ халаттылардың сөзінше, бойжеткен болған оқиғаны әлі есіне түсіре алмай жатыр.