Шымкентте 2 жасар бүлдіршінді туысы терезеден лақтырып жіберді
Шымкентте 2 жасар бүлдіршінді туысы терезеден лақтырып жіберді
Шымкентте 2 жастағы баланы өз туысы 4-қабаттың терезесінен тастап жіберді, – деп хабарлайды Жамбылинфо Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Иляев көшесінің бойында болған. Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, 2021 жылы туған бүлдіршінді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген. Сәби ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр.