Жаңалықтар
Шымкентте 23 жастағы әйел жаңа туған сәбиін сатып жібермек болған
- авторjambylinfo.kz
- 27 қараша, 2023
- 210
Шымкентте 23 жастағы әйел жаңа туған сәбиін сатып жібермек болған
Шымкент полициясы жаңа туған баланы сатпақ болған адамды анықтады. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 23 жастағы әйел баласын сатып алушыны іздеген. Кейін делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, соталды тергеу басталды. Бала сәбилер үйінде", - деді Қанат Нұрмағамбетов ІІМ брифингінде.
Ведомство өкілі күдікті алаяқтық үшін бірнеше рет жауапқа тартылғанын және қарыздары көп екенін айтты. Қазір әйел қамауға алынды.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/95526/?utm_source=smi24
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала