сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 22:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте 3 жасар бала көліктің тежегішіне құятын сұйықтықты ішіп уланып қалды

Шымкентте 3 жасар бала көліктің тежегішіне құятын сұйықтықты ішіп уланып қалды
ашық дереккөзі
Шымкентте 3 жасар бала көліктің тежегішіне құятын сұйықтықты ішіп уланып қалды
Шымкентте 3 жасар бала көлік моторына арналған сұйықтықты ішіп, ауыр халде ауруханаға түсті. Баланың аузы, өңеші, асқазаны күйіп қалған, деген диагноз қойылды, деп хабарлайды Жамбылинфо Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 3 жасар Арман қазір анасымен бірге ауруханада жатыр. Ол сұйықтық ішкен соң бірден ауырып, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Сәби ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның ауыз қуысы, өңеші және асқазаны қатты күйіп қалғанын айтты. «Менің күйеуім көлік жөндеуші, бұл сұйықтық үйде тұрған еді. Балам оны абайсызда ішіп алды», - деді баланың анасы. Дәрігерлер балаға ауыр токсикалық улану диагнозын қойған. Емдеуден кейін сәбидің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. «Бала ауруханаға екі күн бұрын түсті. Қазір бактерияға қарсы препараттар, түрлі жақпамайлар қолданылып, ем алып жатыр», – дейді Орынбаев атындағы Гипербарикалық оксинегация орталығының токсиколог дәрігері Марат Кәкенов. Жуырда бұл ауруханаға сірке қышқылын ішіп қойған 5 жасар бала ауыр халде түскен. Оның аузы және өңеші күйіп кеткен, бірақ қазір бала өз бетімен тамақтанып жатыр, жағдайы қанағаттанарлық. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған. Сондықтан дәрігерлер ата-аналардан күйдіргіш сұйықтықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға кеңес береді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар