Жаңалықтар

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей шаңырақ көтерді

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей шаңырақ көтерді

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жасар әжей шаңырақ көтерді, деп деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі otyrar-ға сілтеме жасап.

Найля Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты. Бүгінде балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері тіптен жүре алмайтын едім дейді. Ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан ол, аяққа тұрып жүре бастағанына дән риза. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме де берілген.

Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Қариялар онда түрлі ем-дом алып, спорттық жаттығулар да жасай алады. Мұнда сонымен қатар, компьютермен жұмыс істеп, өз-өзін дамытуға да болады.

Ұзақ өмір сүру орталықтарында құжат тапсыру арқылы тегін ем-дом алуға болады. Сонымен қатар,мұнда ерекше жандармен жұмыс істейтін оңалту орталықтары да ашылған.