дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды
ашық дереккөзі
Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды
Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды Жамбылинфо Tengrinews.kz сілтеме жасап. Редакцияға Шымкент көшелерінде қаруланған ер адамның өтіп бара жатқаны және одан басқа адамдар қашқаны түсірілген видео жіберілді. Видеодан атыс пен айғай да естіледі. Шымкент полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылған. Бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері барды. Олар мен белгісіз қарулы адамның арасында атыс болған. Нәтижесінде күзетшілердің бірі жараланған. Оқиға орнынан қашып кетуге тырысқанда, қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілі ұстаған. Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар