дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте білім бөлімінің мамандары 3,7 млрд теңге жымқырған

Шымкентте білім бөлімінің мамандары 3,7 млрд теңге жымқырған
Фото: Halyq Uni
Антикор сотқа дейінгі тергеуді аяқтады

Түркістан облысында білім бөлімі қызметкерлері 3,7 млрд теңге жымқырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Halyq Uni cілтеме жасап.

Антикор Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

12 адамнан құралған топ, оның ішінде бөлім басшылары мен олардың бағынысты есепшілері білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару арқылы 2020-2023 жылдарда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген, – делінген СЖҚА хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 639,8 млн теңгеге залал өтеліп, мүліктер бұғатталды.

Қазір қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің аяқталуы туралы есеппен прокуратураға жіберілді.

Айта кетсек, 2023 жылдың басынан бастап осы салада 297 қылмыстық іс жүргізіліп, қылмыс жасауда 406 адам әшкереленіп, оның ішінде 196 адам сотталды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар