дүйсенбі, 7 қазан, 2024 18:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте дәмханада атыс болып, бір адам жарақаттанды

Шымкентте дәмханада атыс болып, бір адам жарақаттанды
ашық дереккөзі
Шымкентте дәмханада атыс болып, бір адам жарақаттанды
Шымкенттегі кафелердің бірінде атыс болып, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
«7 қазан сағат 4:30 шамасында әл-Фараби АПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Дерек ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде», - делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер «ВАЗ-21014» автокөлігін анықтап, оның салонынан екі қару тапқан. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар