Шымкент қаласының өртсөндірушілері демалыс орнындағы өртті сөндірді.
Қаратау ауданында орналасқан, жұмыс істемейтін демалыс орталығында ағаш орындықтар өртеніп, артынша киім ауыстыратын бөлмелердің біріне ұласқан.
"Құтқарушылар 205 шаршы метр алаңда шақырту сәтінен бастап 30 минут ішінде өртті ауыздықтады", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз