Шымкентте кене шаққан адам қайтыс болды
61 жастағы азамат Шымкент қалалық инфекциялық ауруханасында көз жұмған.
Медициналық қызметке тым кеш жүгінген науқастың өмірін ақ халаттылар қанша тырысқанымен құтқара алмады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі ontustik.tv-ге сілтеме жасап.
Кене шағуынан қауіпті вирус жұқтырып, қаза тапқан адам Түркістан облысының тұрғыны. Марқұм Сайрам ауданында мал бағып, күнелткен. 18 маусым күні аса ауыр жағайда жансақтау бөліміне түсіп, 21 маусымда көз жұмған.