Жаңалықтар

Шымкентте мектеп оқушылары бес баланың әкесін ұрып өлтірді

Шымкентте мектеп оқушылары бес баланың әкесін ұрып өлтірді

Шымкентте бес баланың әкесі мектеп оқушыларынан таяқ жеп қайтыс болды. Марқұмның әйелі Алтынай Айтқұлова «Көреміз» бағдарламасынан көмек сұрады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алтынай Айтқұлованың айтуынша, 9 қыркүйекте күйеуін базар маңында бір топ оқушы ұрып, аяусыз соққыға жыққан. 39 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болған. Марқұмның жақындары кінәлілер жазадан жалтарып кете ме деп отыр.

Оның айтуынша, күйеуі далада екі сағаттай жатып қалған. Марқұмның артында әйелі жесір, бес баласы әкесіз қалды. Балаларының үлкені 12-де болса, кенжесі 4 жаста екен. Сол күні ер адам жұмыстан келгеннен кейін сыра іздеп, қалаға шығып кеткен. Алтынай Айтқұлованың айтуынша, күйеуі ішімдікті жиі ішпейтін, тек арасында ғана ішкен.

Оның сөзінше, күйеуі оны ұрып кеткен жігіттерге таңғы 4-тер шамасында кезігіп қалған.  Алтынай Айтқұлованың сөзінше, күйеуін ұрып кеткен балалар – кәмелетке толмаған оқушылар.

Әйелдің сөзінше, бұл іс бойынша тек бір жігіт күдікті деп танылған.