Шымкентте қоқыс жәшігінен 26 жастағы әйелдің мәйіті табылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 тамыз, 2025
- 576
Шымкенттегі қоқыс жәшіктерінің бірінен 26 жастағы әйелдің денесі табылды. Марқұм 21 шілдеде үйінен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz almaty.tv сілтеме жасап.
Арада он күн өткенде мәйіт қала ішіндегі қоқыс салғыштың жанынан табылды. Бейресми деректерге сүйенсек, екі баланың анасы қосымша табыс табу үшін біреудің үйін тазалауға барған. Сол жерде оны белгісіз азамат 16 жерінен пышақтаған көрінеді.
«Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын өлтіру жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде», – деді ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиев.





