Жаңалықтар
Шымкентте шенеуніктер арзан ұнды сату кезінде 68 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- авторjambylinfo.kz
- 13 наурыз, 2023
- 263
Шымкентте шенеуніктер арзан ұнды сату кезінде 68 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна бірінші сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.
Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келген залал сомасы 68 млн 800 мың теңге болды.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз